Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары 328 мың тонна шитті мақта жинады. Айта кету керек бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда 41 мың тоннаға артық. Бүгінде мақтаның әр гектарына орташа түсімділігі гектарына 24,5 центнерге жетіп отыр. Сонымен қатар, жиналған ақ алтынның 196,6 мың тоннасы немесе 60 пайызы машинамен терілді. Яғни, бұл дегеніміз мақта алқаптарында 500 ден астам комбайн теру жұмыстарын жүргізіп келген. Ал, қазіргі таңда жиын-терім науқаны толығымен аяқталды.Еліміз бойынша ақ алтынның 100 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Ал, мақта дақылын өсірумен облыстағы 10 ауданның шаруалары айналысып келеді. Мақта дақылы экспорттық маңызға ие болғандықтан егіс көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биыл Оңтүстікте 134,6 мың га жерге шитті мақта егілсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың га артық. Көктемнің кеш түсуі мен ауа райының қолайсыздығына байланысты биыл мақта теру жұмыстары қараша айының 20-сына дейін созылды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандықтар мақтаны су жаңа комбайнмен теріп жатыр
Түркістан қаласы Қарашық ауылдық округіне қарасты «Тұран» шаруа қожалығы мақта өндіруді негізгі кәсіп еткен шаруашылықтардың бірі. Ақ алтынға қарасты қандай да бір жаңашыл техникаларды алғаш осы қожалықтан көруге болады. Соның бірі мақта маусымына орай жуырда […]
Мақта жинау-жауапты науқан!
Бүгінде Мақтарал ауданы әкімдігі және Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Жиын-терімге дайындық, мақта қозасын сапалы дефолиациялау және оны минералды қоректендіру мәселелері бойынша» семинар-кеңес өтті. Алқалы басқосуға осы өңірдегі барлық өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтарының […]
ОҚО әкімі мақта теру науқанымен танысып қайтты
ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев – Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «Ә.Оспанов» елді мекеніндегі тік дренаждың жұмысымен танысты. 57,6 метр тереңдікте орналасқан нысан 2013 жылы іске қосылған. Тоқтап тұрғандағы су өлшемі 1 метр болса, жұмыс істеп […]
Пікір қалдыру