Қаладағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Аудан басшылары алдымен қала мектептері әзірлеген көрмені тамашалады. Көрмеде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны мен Қазақстанның даму кезеңдері, Рухани жаңғыру аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан шаруалар кеңінен таныстырылды. Қала, ауыл әкімдері мен мекеме, ұйым басшылары, ауыл билері мен ақсақалдар қауымы жиналған салтанатты мерекеде аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев баяндама жасады.«Бүгін шардаралықтар барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды еңсеріп қана қоймастан, бүгінгі таңда еліміздің экономикасы қарқынды дамушы мемлекеттер қатарымен терезесі тең дәрежеде дамуына айрықша күш салып келеді», – деген Бауыржан Қуанышбайұлы аудан тұрғындарын айтуыл мерекемен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
ШАРДАРАДА ДӘСТҮРЛІ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Шардарада облыстық деңгейде спорттық іс-шара өтті. Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейінгі жылдары Шардара өңірінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосқан еңбек ардагері Роман Қарсыбаевты еске алуға арналған армрестлингтен […]
Ордабасы ауданының әкімі жастармен жүздесті
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов, түрлі салада қызмет ететін ауданның белсенді жастарымен кездесіп, пікір алмасты. Бұл жүздесу еркін сұхбат түрінде өтіп, жастарға ерекше серпін берді деп айтуға болады. Өйткені, […]
Шардарада жер реформасы түсіндірілді
Шардарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың төрағалығымен мәжіліс өткізілді. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі Болатбек Қыстауов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов, облыстағы бірқатар басқарма қызметкерлері, ауыл әкімдері мен шаруа […]
Пікір қалдыру