Бүгін Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты.Демалыс орнының ашылу салтанатында сөз алған өңір басшысы тұрғындар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, қайта жаңғыртылған саябақтың 60 жылдық тарихы бар екенін атап өтті.«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы баршамызды жаңғыруға, жаңаруға шақырады. Рухани жаңғыру өзімізді құрметтеуден басталады. Қаламызды таза ұстасақ, мәдениеті жоғары болса, тұрмысымыз жетіліп отырса, осындай саябақтарда аналарымыз, апаларымыз, балаларымыз қыдырып, демалып жүрсе, осыдан асқан бақыт жоқ шығар. Рухани жаңғырудың бір белгісі осы болса керек. Дәл осындай саябақтардың қатары жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда бұрынғы қорғасын зауытында 40 гектар аумақта жаңа демалыс аймағының құрылысы жүріп жатыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте әлеуметтік азық-түліктің шекті бөлшек бағасы бекітілді
Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді: — I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг; — І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 […]
Шымкентте дәріханаларға күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.07.2020 жылғы №24 қаулысына сәйкес, департамент аудандық басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрды. Қаладағы барлығы 48 дәріхана бойынша (Шымкент қаласындағы бөлшек сауда желілері «Зерде Фарма» ЖШС, «Еврофарма» ЖШС, […]
ҚАЙТПАСТЫҚ ТҰРҒЫНДАР 100 ПАЙЫЗ АСФАЛЬТ ЖОЛМЕН ЖҮРЕТІН БОЛДЫ
Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 190 мыңнан асып жығылады. Сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Ауданның жылдан жылға әлеуметтік экономикалық […]
Пікір қалдыру