Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша Мақтарал ауданында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 43 тексеру жүргізіліпті. Қалған 62-і заң аясында түсіндірме беру бойынша келіп түскен өтініштер екен. «Еңбек заңнамасының сақталуы облыс көлемінде жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша кемшіліктердің басым бөлігі мынадай фактілер негізінен құралуда. Атап айтқанда, еңбек шартындағы сәйкессіздіктер, жалақы төлеу мерзімінің сақталмауы, демалыс беру мерзімінің сақталмауы, заңсыз тәртіптік шара көру, еңбек шартын заңсыз бұзу, жұмыс уақытының нормасын бұзу т.б.» — деді Р.Дурменов.Зәуре Маханова кәсіптік одақтың негізгі мақсаты — жұмыскерлердің құқығын қорғау, олардың мұң-мұқтаждарын билікке жеткізу екендігін атап өтті. Ал, А.Мамытбеков өз сөзінде аудандық білім бөліміне, басқа да мекемелерге келіп түскен арыз-шағымдарға дер кезінде мән беру керектігін баса айтты. «Егер, арыз-шағымдарға бейжай қарамаған болса, заңбұзушылықтар орын алмаған болар еді. Әрбір түскен арыздың артында бір отбасы, қаншама тағдырлардың жанайқайы тұрғанын ұмытпаған абзал» — деді басқарма басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда 5 қабатты 8 үй ел игілігіне берілді
Түркістан қаласында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты 8 үй ел игілігіне тапсырылды. Бұл күні баспана кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектер және жалғыз басты аналар сынды 480 отбасы баспаналы болды.Жаңадан […]
Атакенттің жаңа әкімі сайланды
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов кент активіне Атакенттің жаңа басшысын таныстырды. Сайлаудан жеңіп шыққан Сламхан Азимов аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес, міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Атакент кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып […]
Мақтааралда 2 фельдшерлік амбулаториялық бекеттер пайдалануға берілді
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Мақтарал ауданындағы Мақталы және Қызылқұм ауылдық округтерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекеттер пайдалануға берілді.Нысанның ашылу салтанатына […]
Пікір қалдыру