Оңтүстіктегі Төлеби ауданы шаруасы шалқыған төрт түлігі төскейде жусап, дархан дала төрінде егіні жайқалып, көшелері гүлмен көмкеріліп көркіне көрік қоса түскен өңір. Өзге аудандардан бір қадам алда тұрған ауданымыздың тыныс-тіршілігіне зер салсаң қайнаған тірлік, маңдайдан тамған еңбекті көресің. Ауданның көркейе түсуіне өзіндік сән беретін ол, әрине, көшелердегі жол сапасы. Қала, ауыл көшелері асфальтталып, көркіне көрік қосылса бұл әрбір тұрғын үшін мақтаныш.Биыл 2017 жылы Төлеби ауданындағы елді мекендердің ішкі көшелерін тегістеу, тас төсеу және асфальттауға аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, бүгінгі күнге дейін бірталай жұмыстар атқарылды. Жыл басында таспырыс беруші мен мердігер мекемелер арасында келісім-шарттар түзіліп, өндірістік жұмыс жүргізу кестелері бекітілді. Аудан бойынша биыл жөнделуі жоспарланған 30 көшенің 28-інде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Олар: Бірінші Мамыр ауылдық округі бойынша: Зағамбар елді мекеніндегі №2 көшенің 3,4 шақырымы, Ынтымақ елді мекеніндегі Мереке көшесінің 3,2 шақырымы, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Таубай ата көшесінің 1,4 шақырымы, Жаңажол елді мекеніндегі Еңбек көшесінің 1,5 шақырымы және Наурыз көшесінің 0,8 шақырымы орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Киелітас ауылдық округі бойынша: Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Шалпая көшесінің 3,5 шақырымында, Ақайдар елді мекеніндегі Мерей көшесінің 1,9 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кемеқалған ауыл округі бойынша: Әңгірата елді мекеніндегі А.Сарыбасов көшесінің 1,270 шақырымы, О.Танабайұлы көшесінің 0,8 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Қасқасу ауыл округі бойынша: Кеңесарық елді мекеніндегі Таулық көшесінің 2,1 шақырымында, Б.Исакулов көшесінің 1,1 шақырымында, Қасқасу елді мекеніндегі Ұлан көшесінің 1,3 шақырымында орташа жөндеу, К.Халметов көшесінің 0,5 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттің шағын аудандарындағы шағын көшелерге асфальт төселіп жатыр
Қаладағы «Қазығұрт» және «Сәуле» шағынаудандарында қазіргі таңда көшелерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жөндеу жұмыстарының барысын бақылап қайтты.Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінде «Қазығұрт» шағынауданында Ғабдуллин, Арыстанбаб, Жібек жолы, Жұбанов, […]
Отырарда көшелерді абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде
Отырар ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, онда күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов арнайы баяндама жасады.Отырар ауданы орталығын […]
Ордабасыда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 20 жуық көше жөнделген
Биылғы жылы Ордабасы ауданында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен бірталай жолдар мен көшелер күрделі жөндеуден өтті.Нақтырақ айтқанда, олар: — Бадам ауыл округі бойынша, Бадам ауылы Ембердиев және Б.Оңтаев атындағы көшелері; — Бөген ауылындағы Б.Кенжебаев атындағы көше; — […]
Пікір қалдыру