30 қарашада Шымкент қалалық №1 емханасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында, «Ашық есік күнін» өткізді. Шара барысында ақ халаттылар 500 адамның саулығын тексеріп, хәлдерін білді. Нақтырақ айтқанда, емделушілердің қан қысымдары өлшеніп, дене салмағының индексі анықталып, зертханалық тексерулерден өткізілді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, артық салмақтың алдын алу ,физикалық белсенділік, қауіпті мінез құлық факторларының алдын алу бойынша кеңестер беріліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.Мұнан өзге, Ашық есік күнінде денсаулық мектептерінде 2 сабақ жүргізіліп, оған 14 адам қатысты. Ал, шара аясында емханаға келген 500 адаммен сұхбат жүргізіліп, денсалуқтары жайлы ақпар жиналды. Түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында 350 дана парақшалар таратылып, 150 буклет жасалды. Емхана холлында телеарнадан аурулардың, қауіпті мінез құлық факторларының алдын алу, дұрыс тамақтану, артық салмақтың алдын алу ,физикалық белсенділік, МӘМС бойынша бейнероликтер көрсетілді. Санитарлық бұрыштар жасалып, 2 ақпарат тақтасы орналастырылды.Айта кету керек, «Ашық есік күні» Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің 2017 жылғы 3 қарашадағы №17-32-26.327 хатына сәйкес, ұйымдастырылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы » атты салтанатты жиын болып өтті
Түркістан Қалалық Мәдениет Үйіне қарасты Абай ауылдық клубында «Басты бағдар:рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу. […]
Шардарада Тұңғыш Президент күні қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады
Тұңғыш Президент мерекесі күніне орай бір топ мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер ант қабылдады. Шардара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткізілген іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевжүргізіп отырды.«Өздеріңізге белгілі, Тұңғыш Президент күні 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент […]
Тұңғыш Президент күніне арналды
Тәуелсіз еліміздің қалыптасуынан бастап Мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түскенге дейінгі атқарылған жұмыстардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін ерекше айта кеткен жөн. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы уақыт аралығында Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, […]
Пікір қалдыру