Оңтүстік өңірінің тарихи мекендері қайта жаңғырмақ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың дамуы бүкіл облыс бойынша бір концепция арқылы даму керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы орта ғасырлық қалалардың болуы жағынан, көлемі жағынан, жалғыз аймақ болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесінің отырысында айтты.

«Оңтүстік Қазақстан облысы – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша және архитектуралық шешім мен жалпы туризмдерді көбейту, тарту концепциясы бойынша Оңтүстіктің өзінің бет-бейнесі болуы қажет. Ол қалай болу керек? Әр жерде әр түрлі болмауы керек. Яғни, Оңтүстік өңіріне келгенде сол орта ғасырлық қазақ даласының, қазақ архитектурасының, қазақ үйлерінің және тұрмысы мен өмірінің иісі шығып тұруы тиіс. Бұл жағынан бізде ескерткіштер жеткілікті. Енді, бәріміз бірлесе сол дүниелердің тарихи қалпын бұзбай ретке келтіру жұмыстарына жұмыла кірісуіміз  керек»,-деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*