Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген, ол Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елдімекенінің тұрғыны. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова “Хабар24” арнасының тікелей эфирі арқылы мәлімдеді.
Науқас 3 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жедел жәрдем көмегімен шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылған.
Сонымен қатар, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес жүргізілген. Күшейтілген реанимациялық көмекке қарамастан, азамат аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Науқастың қосалқы ауруы – қант диабеті, артериалды гипертензия. Сондай-ақ бір жыл бұрын туберкулез диагнозымен ауруханада ем қабылдап шыққаны анықталды. Марқұм азаматтың денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді.
Ал, транзиттік көлікте науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.
Еске сала кетсек, бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан Елтай елдімекенінде су басуының зардаптарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аталған тұрғын алабына апарып, жағдаймен таныстырды. Елтай ауылындағы апатты-қалпына келтіру жұмыстарына Шымкент […]
Биыл аудан аумағындағы елдімекендерде 18 шақырымды құрайтын 43 көшеге ирригациялық арық орнату жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтсақ: – Түркістан шағын ауданындағы Беткей көшесі (Беткей-Жүсіпов көшесі аралығы); – Самал-1 шағын ауданындағы […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін Америка Құрама Штаттарында белсенді түрде насихаттап жүргені үшін ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, мәдени дипломатия — екіжақты […]
Пікір қалдыру