Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15 сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек.
Айта кету керек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. Сондай-ақ, олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.
Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы тізімге алынған отбасылардың есепшотына тиісті қаражат толықтай аударылған.
Еске салсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты — СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру.
Тарих бетінде қастерлі күн саналатын 31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» 23 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтіп келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылы атаулы күн ретінде белгіленген бұл дата еліміздің өткен […]
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Оразбекұлы Медетбек пен Артыкбаев Азиз бір күндік қызметтік міндетімен шектелмей, шынайы жанашырлық пен адами болмысты танытты. 2025 жылдың тамыз айының кешкі […]
Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нұрсәт шағынауданындағы Измир көшесінде жаңа аллея құрылысы қолға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Шағын аумақта тұрғындардың демалыс уақытын өткізуге арналған […]
Пікір қалдыру