Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл госпитальде дәрігерлер коронавирус инфекциясына күдіктелген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. Жұқпалы аурулар госпиталінде науқастарға білікті медициналық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана залының заманауи үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтылған. Госпитальде барлығы 160 жұқпалы төсек орын, 20 боксталған палата және 20 реанимациялық төсек бар. Ең бастысы, инфекциялық госпиталь барлық қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Нақтырақ айтқанда, жаңа орталықта : компьютерлік томограф, сандық рентген және 20 ИВЛ аппараты орнатылған. Еліміздің үшінші мегаполисінде құрылысы аяқталған госпитальді аралап көрген Елжан Амантайұлы жаңа емдеу мекемесінің сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі зор екендігін атап өтті. ҚР денсаулық сақтау министрі қауіпті індетпен күресуде біліктігін танытып жатқан ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент: Жедел жәрдем дәрігері Қазнетте тараған бейнеролик бойынша түсінік берді
Казнетте таралған Шымкент қаласындағы инфекциялық аурухана маңында болған жағдай бойынша жедел жәрдем дәрігері ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте түсініктеме берді. Бейнеролик иесі Арман Хамзин медициналық маман болғандықтан, науқастардың жағдайы үшін алаңдап, осы бейнероликті түсіргенін жеткізді. […]
Шымкентте карантин мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен коронавирус пандемиясына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ербол Әбілхайырұлы коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанын алға тартып, осыған орай […]
Шымкенттік 96 отбасы «Өз үйім» бағдарламасымен пәтер алды
Шымкент қаласының әкімшілік және іскерлік орталығында орналасқан тұрғын үй кешенінде тоғыз қабатты 4 тұрғын үй бой көтерген. Мұндағы пәтерлердің жалпы ауданы — 14776,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінде 2 блок, яғни 96 пәтер пайдалануға берілсе, қалған […]
Пікір қалдыру