Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, мерекелерімен құттықтады. Қазыналы қарияларға құрмет көрсеткен қала басшысы ақсақалдардың өсиетін тыңдап, ізгі тілегін жеткізді.
– Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін еселі еңбек етуді сіздерден үлгі-өнеге еттік. Халқының тілеуін тілеп, ақ батасын берген өздеріңіздей қадірлі қарияларымыздың жол көрсетуімен өсіп-өніп келеміз. Ұрпақтар сабақтастығымен алған тәлім-тәрбиемізді өзімізден кейінгі буынға жеткізсек, үміттеріңізді ақтағанымыз болар. Әрдайым ортамызда аман жүріңіздер! – деді қала әкімі.
Қала басшысы құрмет көрсеткен Ағабек Сүгірәлиев қарияның Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесі орасан. Ал Жолдыбай Еңдібаев ақсақал – елімізге еңбегі сіңген құрылысшы.
Қазақта «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген тәмсіл бар. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Ата жасына жетіп, ардагер атанып отырған құрметті ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қандай да құрметке лайық. Ардагерлер қауымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласумен қатар, мемлекеттің қамқорлығын сезініп отыр. Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан қарттарға құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдірді. Қазақ халқының жарқын белгісі қашанда үлкенге — құрмет, кішіге ізет көрсету.
Арнайы құттықтау барысында қарияларға естелік сыйлықтар тарту етілді. Осынау құрмет-қошеметке ризашылықтарын білдірген ақсақалдар ақ батасын берді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1 қарашаға дейін елімізде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл – құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қылмыстың деңгейін төмендетуге және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған […]
Шымкент қаласында құрылыс саласы соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Қаланың аумағы кеңейіп, жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдар бой көтеруде. Мұндай даму қарқыны құрылыс процестерінің сапасы мен заңдылығына қойылатын талаптарды да арттыра түсетіні […]
Соңғы жылдары әлемнің көптеген қалалары көлік жүйесін цифрландыруға, тұрақты дамуға және азаматтарға жайлы жағдай жасауға бағыт алып келеді. Қазақстанның ірі қалаларының бірі — Шымкент те бұл бағыттан қалыс қалмай, 2024 жылы Интеллектуалды Көлік Жүйесін (ИКЖ) […]
Пікір қалдыру