Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық кеңес отырысына қатысып, мегаполисті дамытуда өзекті мәселелер аясында пікір алмасты. Жиында жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау тұрғысында бірқатар ұсыныс талқыланды.
Жалпы, есептік кезеңде қоғамдық кеңестің отырыстарында 52 мәселе қаралып, 22 хаттама түзілді, мемлекеттік мекемелерге 212 хаттамалық ұсыным жолданды. Осыған дейін 91 нормативтік құқықтық акт жобалары қаралып, қорытынды берілді. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қоғамдық кеңестің жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жолданды.
«Халықтың мұң-мұқтажы, өзекті мәселерімен етене танысып, оңтайлы шешім қарастыруда сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеу өте маңызды. Себебі әрқайсысыңыз өз салаңызда халықтың көкейіндегі сұрақтарға қанықсыздар. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында шешімдер қабылдауда өздеріңізбен пікір алмасып отырамыз», — деді қала әкімі.
Б.Момышұлының «Жұртым» деп — жұмылып, «Елім» деп — езіліп қызмет ет» дегеніндей алдағы уақытта да Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі ел игілігі мен өркендеуі үшін қызмет ететіндігіне нық сеніммен атап өтті. Қала тұрғындарын қоғамдағы кез-келген келеңсіз жайлардың алдын алуға, болдырмауға бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Өз тараптарыңыздан ұсыныстарыңызды жолдасаңыздар, ашық диалог жасап, мәселелерді шешуге барынша күш саламыз деді, -қала басшысы.
Шымкенттегі 172 білім беру ошағында 222 037 оқушы білім алады. Атап айтқанда, 827 оқушыға инклюзивті білім беріліп, 702 оқушыға «WhatsApp» мессенжері арқылы оңалту сабақтары жүргізіледі. Үшінші мегаполисте қашықтықтан білім беру бойынша 187 640 (84,5%) оқушы […]
Өткен сенбіде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қала тұрғындары үлкен сенбілік ұйымдастырды. Биылғы жылдың ең ірі тазалық шараларының біріне 4000-нан астам адам қатысты. Бұл күні әртүрлі жастағы шымкенттіктер, оның ішінде ақсақалдар мен […]
Шымкент қаласы, Абай ауданы соңғы жылдары жарықтандыру мәселесін шешу бағытында маңызды қадамдар жасап келеді. 2023 жылы ауданда жарықтандырылған көшелер саны 193-ке жетіп, бұл көрсеткіш қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға қосылған үлкен үлес болды. Жарықпен қамту […]
Пікір қалдыру