Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылында тамшылатып суару әдісімен 370 гектар жерге күнбағыс еккен. «ИІРЖАРАГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шаруа қожалығы қазіргі таңда жиын-терімді бастады. Қожалық түркиялық инвесторлармен бірге бес жүз гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл үш жүз жетпіс гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суару әдісімен өсірген. Бұдан бөлек, шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда он бір адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты жиырма, отыз адамға дейін жұмыс істейді. Қожалықта жиырма үш ауылшаруашылығы техникасы бар. Серіктестік күнбағыс өнімін Қытай халық республикасы, Түркия, Әзірбайжан республикасы елдері мен ішкі нарыққа өткізуді жоспарлап отыр.
«Алдағы уақытта мемлекеттің қолдауы аясында шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып суару — дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін.»- дейді шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.
Еліміздің табиғи ресурстарын тиімді әрі заңды пайдалану – тұрақты даму мен ұрпақ болашағына жасалған маңызды инвестиция. Осы орайда, Шардара ауданында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және табиғи байлықты қорғау мақсатында бірқатар нақты іс-шаралар қолға […]
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Түркия елінің «Vero Group» компаниясының негізін қалаушы Осман Бозкурт бастаған бір топ инвесторлар делегациясын қабылдады. Инвесторлардың жоспары бойынша Шардара қаласында Тамшылатып суару қондырғыларын мен құрал-жабдықтарын және құбырларын шығаратын зауыт ашуға […]
Шардара ауданында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым мен өндіріс салаларын ілгерілету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, салалық басшылар атқарылған жұмыстар мен жоспарлары жөнінде […]
Пікір қалдыру