Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Осыған орай, бүгін 2024 жылғы 5 қыркүйек күні Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізіледі.
Аталған оқыту семинарға Мақтаарал ауданының 62 учаскелік референдум комиссиясының төрағалары мен төраға орынбасарлары және хатшылары сондай ақ, аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинарда Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Қ.Құлажанов тыңдаушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдум өткізу кезінде ақпараттандыру, байқау және үгіт мәселелері, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге тоқталып, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында, Г.Махамбетова референдум өтетін күні комиссия мүшелері дауыс беру процессінде қандай да бір кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеуге және Қазақстан Республикасы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді ескертіп, аудандағы сайлаушылардың референдумға қатысу белсенділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинарда қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауаптар алып, учаскелік референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бірыңғай заңнама бойынша тест тапсырды.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Осыған орай, Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу […]
Ел мақтанышы, белгілі спортшы, V дүниежүзілік Көшпенділер ойынының жеңімпазы арыстық Азамат Мақұлбеков республика көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси шара АЭС құрылысына қатысты референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Алыптар сайысының жеңімпазы Азамат қоғамның белсенді мүшесі ретінде […]
2024 жылғы 19 қыркүйек күні Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Мырзакент кенті, Ж.Нұрлыбаев а/о, Достық а/о, Жаңажол а/о, Иіржар а/о және Еңбекші ауылдық округтеріне қарасты учаскелік референдум комиссияларының хатшыларының қатысуымен «Республикалық референдум: құқықтық негіздері […]
Пікір қалдыру