Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов бастаған аудан әкімдігінің ұжымы тікелей эфирден тамашалады.
Жалпы мақтааралдықтар Президенттің Жолдауында айтылған тың бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, ақша-несие, салық саясатына қатысты, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, агроөнеркәсіп кешендеріне инвестиция тарту, инфрақұрылымды, көлік-логистика секторын дамыту, ирригациялық жүйелер мен су шаруашылығы мәселелерімен мұқият айналысу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт саулығын нығайту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру, қоғамда заң және тәртіп идеологиясын орнату сияқты Мемлекет басшысы көтерген мәселелер мен бастамалар ауданымыздың дамуына тың серпін беретіні сөзссіз.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауын Мақтаарал ауданының дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымдары және басқа да мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік мекемелердің ұжымдары жұмыс орындарында тамашалап, өзара пікірлер алмасты.
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің […]
Президенттің Жолдауында өңірлерді дамыту және инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жауапкершілік тек орталық билікке емес, жергілікті басшыларға да жүктелуі тиіс екені айтылды. Әр өңірдің әкімдері белсенділік танытып, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарды […]
Қазіргі алмағайып кезеңде әлем елдері сын-қатерлермен қатар жаңа мүмкіндіктер дәуіріне қадам басып отыр. Осындай тарихи өтпелі шақта Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның даму жолын айқындайтын, терең ойластырылған әрі нәтижеге бағытталған құжат ретінде қабылданды. Президент ауыл […]
Пікір қалдыру