Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2-қыркүйек күні жолдаған дәстүрлі Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту қажеттегіне тоқталған болатын. Өйткені, дені сау азамат қана қоғамның толыққанды мүшесі бола алады, елдің дамуына үлесін қосып, өзіне жүктелген лауазымдық қызметтерді адал атқара алады.
Осы мақсатта Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей бастамасымен аудандағы барлық деңгейдегі мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері арнайы «Спорт күнін» белгіледі.
Өз кезегінде мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта отырып таныс арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мен еңбекке деген талпыныстарын, қимыл-қозғалыс арқылы өмірге деген құлшыныстарын арттыру мақсатындағы спорттық шараларға аптасына 2 күн жұмыстан кейінгі 3 сағат уақыт арналып отыр.
«Бұл жай ғана бүгін айтылып, ертең аяқсыз қалатын іс емес, бұл – мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тек қағазбастылықпен, іс-құжаттармен ғана емес спортпен жүйелі шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын дәлелдейтін үлкен бастама» дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы.
Бүгінде аудан аумағында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ағымдағы жылы жеке инвесторлар мен бюджет есебінен салынуы жоспарланған 13 спорт нысанының 3-і пайдалануға берілсе, 4 нысанның құрылысы жүргізілуде, тағы 6 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.
Бекітілген кестеге сәйкес кезекті кездесуімді Ж.Ералиев ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен өткіздім. Өткен тоқсанда округ тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, басқа да мәселелердің шешілу жолдарын бірігіп талқыладық, азаматтардың өмір сүру […]
Шымкентте алғаш рет базар жастарын бұқаралық спортқа баулу мақсатында «Базар жастар лигасы» өткізіледі. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кеуенова […]
80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 […]
Пікір қалдыру