Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирден тыңдадық.
Мемлекет басшысының биылғы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған сиратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту» және «Заң және тәртіп» айдарларымен айқындалған Жолдауы бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін қамтып, ел ертеңінің даму бағыттарын айқындады. Әрбір министрлік пен құрылымдарға, парламент пен сенатқа, жергілікті әкімдіктерге алдағы атқарар жұмыстарының жоспарын жіктеп, тиісті тапсырмаларын берді.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізді бүгінде барша әлем жұртшылығы танып, өзінің бейбіт өмір сүру, жасампаз ел болу және бірлігі мен ынтымағы жарасқан қоғам ретінде мойындады. Бұл бүгінгі еліміздің қол жеткізген өмір шындығы.
Бұл Жолдау да өзінің жасампаздығымен, көптеген соны да тың ой-пікірлерімен, елдің әлемдегі озат елдермен терезесі тең болуға ұмтылған ерен ұмтылыстарымен, нақты әлеуметтік, экономикалық және мәдени, рухани бағыттарымен айшықталуда және оның барлығы дерлік бос ой-қиялдың жемісі емес, есептеліп, еленіп, ғылыми-қаржылық сараптамалардан өткендігі айрықша қуантады.
Біз де өз тарапымыздан Жолдауда белгіленген межелер мен жоспарларды жүзеге асыруға бар күш-жігеріміміз бен білімімізді жұмсап, өзімізге жүктелген міндеттерді адал атқаратын боламыз.
Жетісай ауданында егістікке қажетті ағын су тапшылығын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асып, мәселе сауатты шешілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында ауданда […]
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласындағы бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен Қазыбек би ауылдық округінде кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен құрылысы басталып жатқан 16 пәтерлі тұрғын үйдің, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталып, саланы дамытуда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына демеушілер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін жеткізген болатын. Бұл ретте тұрғындардың да белсенділік танытуы маңызды. […]
Пікір қалдыру