Шымкент қаласы Абай ауданы Ақжайық шағынауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын тапты. Бұл шараға «Amanat» партиясы қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқосынов бастаған қалалық және аудандық қызметкерлер, сондай-ақ партия жанындағы «Жастар рухы» қанатының белсенді жастары қатысып, жалпы 100-ден астам адам жұмылдырылды.
Акция барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында шашылған қоқыстар жиналып, бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтардан тазаланды.
Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Тазалық акциясы маусым айынан бастап әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өтуде. Сол уақыттан бері қала аумағынан 20 тоннадан астам қоқыс жиналып, экологиямызды қорғауға үлес қосылды.
Таза бейсенбі акциясы – қоғамның бірлігін, экологиялық жауапкершілігін арттыруға арналған маңызды қадам. Жас ұрпақтың белсенділігі мен қала тұрғындарының ынтымақтастығы арқасында таза және әдемі Шымкентке жету жолында аянбай еңбек ету – баршамыздың міндетіміз.
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жауынгерлері ел Конституциясының мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. 6506 әскери бөлімінде еліміздің Негізгі заңының 30 жылдығына арналған саптық жиын өтті. Іс-шара елжандылық рухына, Конституцияға деген құрметке және мемлекеттік жетістіктерге […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала, кент және барлық ауылдық округтерде ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қызылқұм, Ж.Ералиев және Ш.Ділдәбеков ауылдық округтерінің аумағынан өтетін Шардара су […]
Сотрудники Департамента полиции Шымкента в рамках мероприятий по противодействию киберпреступности провели масштабную операцию, в ходе которой была пресечена деятельность группы, занимавшейся интернет-мошенничеством на территории Шымкента, Алматы и Алматинской области. В результате следственных действий установлено, что […]
Пікір қалдыру