Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында нашақорлық, зиянды заттардың азаматтардың, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырған болатын. Азаматтарымыздың, жастарымыздың дені сау, жаман әдеттерден аулақ болуына, қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуға үлкен мән беріліп отыр.
Осы орайда, Түркістан қаласы тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануын қолдау мақсатында қала аумағында біқатар шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Соның ішінде Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар жандар арасында спорт түрлерінен ашық біріншілік өтті. Спорт шарасына 80-ге жуық азамат қатысып, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат пен қол күресінен сайысқа түсті.
Шараның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық белсенді өмір сүруге тарту.
Жиында сөз алған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев спорт сайысына қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
– Баршаңызды еліміздің Ата заңы – Конституция күнімен құттықтаймын! Айтулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл сайыс – әр спортшының өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіздердің жарысқа қатысуға үлкен белсенділік танытып отырғандарыңызға өте қуаныштымын. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді Қадырболат Қабдырұлы.
Жарыс қорытындысында командалық есепте Орталық командасы 1-орынды иеленсе, 2-орынды Түркістан командасы, 3-орынды Батыс командасы еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі марапаттарға ие болды.
UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, […]
Республика күніне орай Түркістан облысының орталығында 100 түп ағаш отырғызылды. Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылып, облыс әкімі Дархан Сатыбалды, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, Түркістан қалалық Өзбек этно-мәдени бірлестігі, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық сала өкілдері […]
Бүгінде Рухани астанамыздың көркейіп гүлденуіне күллі қазақ елі атсалысып отыр. Ал, өңір тұрғындары шаһардың тазалығы үшін қол ұшын беруде. Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Айта кетейік, тазалық шарасына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, […]
Пікір қалдыру