Халықаралық көрмеге өз өнімдерін дайындап жатқан тағы бір кәсіпорын Шымкент қаласындағы «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан серіктестікте жылына 27 мың тонна макарон өнімдері мен 3600 тонна кондитерлік өнімдер өндіріледі. Сапасы жоғары, бағасы төмен болғандықтан өнімге деген сұраныс аса жоғары. ЭКСПО көрмесіне орай, бүгінде кәсіпорын өнім көлемін 20 пайызға ұлғайтқан. Көрме қонақтарын тәттілермен тамсандыру үшін аянбай еңбек етіп жүрген зауыт жұмысшылары Астанаға 1070 тонна ұн мен нан өнімдерін жөнелтпек. Ұйымдастырушылардың шешімімен ЭКСПО-2017 көрмесінде Оңтүстік Қазақстаннан жеткен ауыл шаруашылығы өнімдері қонақтарға жәрмеңке түрінде алты рет ұсынылатынын айта кеткен жөн. Яғни, алғашқы лек – Оңтүстіктің тіл үйірер тәттілерінің жәрмеңкесі елордада 13-14 мамыр күндері ұйымдастырылады. Өнімдерді Астана қаласына тасымалдауға 25 автокөлік дайындалып, арнайы кесте түзіліп отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген алғашқы керуен Шымкенттен Астанаға 10 мамыр күні жолға шығатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ж.Түймебаев: Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Жиынға облыс, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма, бизнес-құрылым және коммерциялық ұйымдар басшылары, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйым басшылары мен […]
ОҚО-да ТЖ қызметкерлеріне 35 жана өрт сөндіру көлігі тапсырылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 35 жаңа өрт сөндіру көлігі тапсырылды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша сала қызметкерлерін кәсіби […]
Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстары әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты арттырмақ
Оңтүстікке Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған көкшетаулық делегация мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі екі жақты ынтымақтастықты арттыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы […]
Пікір қалдыру