Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстары әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты арттырмақ

Оңтүстікке   Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған көкшетаулық делегация мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі екі жақты ынтымақтастықты арттыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы мемарандумға  қол қойылды.

Сондай-ақ, Шымкент пен Көкшетау  қалалары арасында  байланыс орнату және «Шымкент» ӘКК ҰҚ мен «Есіл» ӘКК ҰҚ арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы, «ENKI»ЖШС мен ОҚО құрылыс басқармасы өзара меморандум түзді. Келісімдер екі облыс арасындағы қаржылық даму мен ынтымақтастық байланысты күшейтуге бағытталған. Мәселен, «Көкшетау минералды су»АҚ мен Шымкенттік «Азамат» ЖШС өңіраралық кооперация аясында 2 млрд. тенгенің өнімін тасымалдау туралы меморандумға қол қойды.

Түс ауа Ақмола облысынан келген арнайы делегация мүшелері Шымкенттегі бірқатар нысандар – «Фронт Офис», «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, «Шымкент» ӘКК» АҚ-ын, «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен еркін экономикалық аймағы сынды маңызды нысандарды аралап, көрді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*