«Көкшетау-Шымкент» әуе рейсі қос өңірдің туризіміне тың серпін бермек

«Көкшетау-Шымкент» бағытында жаңа әуе рейісі ашылды. Алғашқы рейспен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған топ Шымкент әуежайына табан тіреді.

 Делегаттарды арнайы күтіп алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа бағыттың екі облыстың сауда-экономикалық қатынастарының нығаюына, туризм саласының қарқынды дамуына септігін тигізетіндігін жеткізді. 

«Еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстігін жалғайтын әуе кеңістігінде алтын көпір орнатылып отыр. Бүгінгі күннен бастап, аптасына 2 рет жиілікпен «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты бойынша аптаның жұма, жексенбі күндері әуе рейстері орындалатын болады. Еліміздің мақтанышы саналатын Бурабай демалыс аймағына еліміздің ғана емес, шетелдің де қызығушылығы өте жоғары. Бұдан былай облыс тұрғындары  Бурабайға «Шымкент-Көкшетау» әуе бағытын пайдалана отырып, баруына үлкен мүмкіндік пайда болды», — деді Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар, облысымыздың Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Қасқасу сияқты туристік аймақтарына Ақмола облысынан туристердің әуе бағыты арқылы келуіне мүмкіндік туып отыр.  Жалпы, «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты 2 облыстың алдағы уақытта қарыштап дамуына өз септігін тигізетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*