Отанға адал қызмет етуде ер-азаматтармен қатар нәзік жанды арулар да зор үлес қосып келеді. Түрлі салада табысты еңбек етіп, абырой биігінен көрініп жүрген сондай арулардың бірі — Түркістан облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының автоматтандырылған және электрондық қызмет көрсету тобының инженері, полиция капитаны Әйгерім Жарқынбек.
Полицей болуды бала күнінен армандаған Әйгерім орта мектепті алтын белгімен аяқтаған соң, Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы полиция академиясына курсант болып қабылданды. Оқу орнында белсенділігімен көзге түсіп, түрлі іс-шараларда жүлделі орындарға ие болды. Үлгілі тәртібі мен оқуға деген ынтасы оның кәсіби білікті маман болып қалыптасуына негіз қалайды.
2017 жылы академияны аяқтаған соң, Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша елордадағы Астана қалалық полиция департаментінің ақпараттық-аналитикалық орталығында еңбек жолын бастайды. Қызмет барысында аға инспектор лауазымына дейін көтеріліп, үздік нәтижелерімен ерекшеленеді. 2019 жылы тұрмысқа шығып, отбасылық жағдайына байланысты Түркістан қаласына ауысты.
— Полицей болу — бала күнгі арманым еді. Әкем Қанатбек Құлбайымбетов — ішкі істер саласының ардагері, зейнеттегі полиция полковнигі. Әкем үнемі қолдау білдіріп, білікті маман болып қалыптасуыма үлкен рухани демеу болды. Оның үмітін ақтауға бар күшімді саламын, — дейді полиция капитаны Әйгерім Жарқынбек. Ол өмірлік серігі туралы да ерекше ілтипатпен айтып өтеді. Жолдасы Жанбол Жақай — Түркістан қалалық полиция басқармасының тергеу бөліміндегі киберқылмыстарды тергеу бөлімшесінің бастығы, полиция майоры. Ол да Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы полиция академиясының түлегі. — Саламыз бір болған соң, бір-біріміздің қызметімізді жақсы түсінеміз. Кейбір қиындықтарға түсіністікпен қарап, бір-бірімізге қолдау білдіреміз. Бұл да маған үлкен демеу, — дейді ол.
Бүгінде Әйгерім Қанатбекқызы — аяулы жар, ардақты ана. Жолдасымен бірге екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Балаларын отансүйгіштік пен адалдыққа баулып, елге қызмет ететін азамат етіп өсіру — олардың басты мақсаты. Осы жолда қос полицей жауапты қызметтерін абыроймен атқара бермек.
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында қорытынды есеп берді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің мәжіліс залында өткен жиынға ҚР Мәдениет және спорт […]
Түркістан облысында 2,1 млн адам тұратын 800-ден астам елді мекеннің 361-і қоқыс шығару қызметімен қамтылған. Аудан, қалалар аумағында 151 қатты тұрмыстық полигон орны белгіленген. Оның 32-сі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты бөлімге, 76-сы ауыл […]
Түркістан қаласында өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» салтанатты шарасы өтіп жатыр. Бұл күні тұрғындарға […]
Пікір қалдыру