Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Түркістан облысы, Шардара ауданында жүрекке жылу сыйлаған игі шара өтті
Биыл үшемдерді дүниеге әкелген Ешмуратовтар және Оңайовтар отбасыларына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
Бұған дейін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қолдауымен әр отбасыға демеушілер есебінен 3 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілген болатын. Ал мереке қарсаңында Шардара қаласындағы Ж.Қолдасов көшесінде орналасқан заманауи пәтерлердің кілттері салтанатты түрде тапсырылды
Салтанатты жиында аудан әкімі көпбалалы отбасыларды қолдау – тәуелсіз ел саясатының басым бағыты екенін атап өтті.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев жылы лебізін білдіріп, үшемдердің аман-есен өсіп, елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына тілектестік танытты
Қуанышқа кенелген жас отбасылар аудан басшылығына және демеушілерге шынайы алғыстарын жеткізді
Айта кетейік, жаңа баспаналар демеушілер қаржысы есебінен салынған
Тәуелсіз елдің әрбір сәбиі – жарқын болашақтың кепілі!
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді. Ұзындығы екі жүз отыз бес метрді құрайтын жол аудан тұрғындарының емханаға кептеліссіз келіп-кетуі мен жедел жәрдем көліктері […]
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалар мен өндірістік әлеуетті арттыру жолдары жан-жақты қаралды. Алдымен салық базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында аудандық […]
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Түркия елінің «Vero Group» компаниясының негізін қалаушы Осман Бозкурт бастаған бір топ инвесторлар делегациясын қабылдады. Инвесторлардың жоспары бойынша Шардара қаласында Тамшылатып суару қондырғыларын мен құрал-жабдықтарын және құбырларын шығаратын зауыт ашуға […]
Пікір қалдыру