ШАРДАРА: ӨНДІРІС ПЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ – АУДАН ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалар мен өндірістік әлеуетті арттыру жолдары жан-жақты қаралды.

Алдымен салық базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Жетпісбаев пен мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шоқан Ибраимов баяндама жасады. Олар жергілікті бюджеттің тұрақты толығуын қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикамен күрес және салық түсімдерін ұлғайтуға бағытталған шаралар туралы мәлімдеді.

Мәжілісте сонымен қатар мәдениет, тіл саясаты және спорт саласындағы жұмыстар да назардан тыс қалмады. Аталған бағытта жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Нұрқанат Кеңесов есеп берді.

Кеңесте негізгі басымдық инфрақұрылым мен өндіріс салаларын дамытуға берілді. Ішкі жолдарды жөндеу, елді мекендерді газдандыру, көгалдандыру және суғару жүйелерін жетілдіру, тұрмыстық қалдықтар полигондарының жағдайын жақсарту, сондай-ақ экологиялық мәселелер – жиында кеңінен қозғалған басты тақырыптардың бірі болды.

Аудан әкімі өңірдің туристік әлеуетін пайдалану, инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізу, оның ішінде тамшылатып суару әдісін кеңінен қолдану мәселелерін де ерекше атап өтті. Сонымен қатар, зиянкес жәндіктерге қарсы залалсыздандыру мен ағын су қарыздарын өтеу бағытында нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар да кеңінен сөз болды. Аудан басшысы бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, ауылдық округтерде жүйелі тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын соңында Арман Қарсыбаев ауданның әрбір саласында орын алып отырған негізгі кемшіліктерді атап өтіп, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Ол барлық бастамалардың тиімділік пен нәтижелілік қағидаттарына негізделуі тиіс екенін қадап айтты. Аудан әкімінің айтуынша, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту – тек есеп үшін емес, нақты нәтиже үшін атқарылатын жауапты жұмыс. Осы мәтінге тақырып қою керек. өндіріс саласына бағыттап

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*