Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылындағы «Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі сонау 1996 жылы құрылған. 2016 жылы «Нұр-Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі болып қайта тіркеліпті. Бүгінде Сәду Бекеновтың төрағалық етіп отырған кооперативтің 242 мүшесі бар. Иә, 21 жылдан бері бірігіп жұмыс жүргізіп жатқан шаруалар қазірде 1125 гектар жерді игеріп отыр. Кооперативтегі жұмысшылардың орташа жалақысы 50 мың теңгені құрайды. Негізінен мақта шаруашылығымен және тұқымдық шит шаруашылығымен айналысатын ынтымағы зор «Нұр-Кетебай»-дың жұмысында береке бар. Себебі, бүгінде олар тек егістік егіп қоймай, сол егіс жұмыстарына қажетті ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресетін биолабораториясы, тұқымдық мақта шитін тазалайтын, іріктейтін, дәрілейтін тұқым цехтарын ашып алған.Сонымен қатар, қуаты 100 тракторға есептелінген орталық жөндеу шеберханасы, жанар-жағармай қоймасы бар. Мұнан өзге, құрылыс бригадасы, 9 мақта бригадасы, мақта қабылдау пункті мен орталық қоймасы да жұмыс жасайды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруда көш бастады
Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады. Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік […]
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ САЙЛАНДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Осы мақсаттарды бағындыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт […]
ОҚО-да 1,3 миллион түп қызғалдақ тұқымы отырғызылды
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1,3 миллион түп қызғалдақ тұқымы отырғызылды. Қыстай қар астында жатып, ерте көктемде қаланы сұлулықпен көмкеретін голландиялық гүлдерді отырғызу жұмыстары аяқталуға жақын. Былтыр дәл осындай қызғалдақтардың 700 мың түбі егілген болатын. […]
Пікір қалдыру