Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұқит Отаршиевтың айтуынша, өңірде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған 168 келісімшарт және автомобиль жолдарының құрылысына пайдалану үшін кең таралған пайдалы қазбаларды игеруге 7 рұқсат тіркелген. Ал, орталық атқарушы орган тарапынан берілген құқықтар негізінде, қатты пайдалы қазбаларды игеруге облыс аумағында 27 келісімшарт және 1 келісімшарт табиғи газды барлау бойынша тіркелген.Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткізілген кезекті отырыста айтылды. Мәселен қолданыстағы заңнамаға сәйкес, пайдалы қазбалар көмірсутек шикізаты, қатты пайдалы қазбалар және кең таралған пайдалы қазбалар болып негізгі 3 түрге бөлінеді екен. Жиынды қорытындылаған әкім облыста заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату бойынша атқарылып отырған жұмыстарды қайта зерттеп, саралап нақты ұсыныс енгізуді. Сонымен қатар, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл қою және заңды жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттеу бойынша құзырлы органдармен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жауапты сала жетекшілеріне жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да үш жылда 500-дей елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 70 елді мекенге газ құбырлары тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, өңірде 844 елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп […]
ОҚО «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруда көш бастады
Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады. Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік […]
Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен оңтүстікте болды
Онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК дамыту және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысады деп жазады […]
Пікір қалдыру