Сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. Таяуда 200 тонна қарбыз тағы да еліміздің солтүстік аймақтарына жол тартады деп күтілуде. Жалпы, сарыағаштықтар бақшалықтан өткен жылы 105 мың тонна қауын-қарбыз жиған болатын. Биылғы болжам 120 мың тоннаға жетеді дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары. Ал Сарыағашта бақша өнімдері 4,5 мың га алқапқа егілсе, оның 3,5 мың га-нда қауын-қарбыз бапталуда. Оның ішінде 720 га танап ерте пісетін қарбыз түріне арналған.Мақтааралдық қарбыз өсірушілер де көршілес аудандағы әріптестерінен қалысар емес. Онда бүгінде 100 тонна қарбыз Ресейге экспортталып үлгерген. Аудандағы «Атамекен» ауылдық округінің диқандары қарбыздың әр келісін 150 теңгеден өткізіп жатыр. Ал жалпы биыл Мақтаарал ауданында 5700 гектарға қарбыз егілген.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасыдағы «Нұр Агро 73» ЖШС-гі мақта талшықтарын экспорттап жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ордабасы ауданындағы жеке кәсіпкер Ермекбай Утеевтің жылыжайына барып, жұмысымен танысты. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 млн. теңге несие алған кәсіпкер жылыжай салып, 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр […]
Мақтарал ауданында 1439 отбасы «Өрлеу» жобасының тиімділігін көріп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни […]
Мақтааралда жастар арасында шахматтан жарыс өтті
Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар — Қазақстанның интеллектуалды болашағы» атты шахматтан аудандық турнир болып өтті.Жарысқа Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлерінде өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысып, […]
Пікір қалдыру