1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Арыс қаласында орналасқан Төлеген Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.Балалардың мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалаған аймақ басшысы Елбасының атынан осындағы тәрбиеленушілерге велосипед, теледидар және өзге де құнды сыйлықтар мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрме билеттерін табыстады. Мереке қарсаңында мол сыйлыққа ие болған балалардың көңілі күйі көтеріліп, мәре-сәре боп қуанып қалғанын айта кеткен жөн.«Балалар мерекесіне орай сіздерге әдейі келіп отырмын. Бала-біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздің ертеңгі тірегі болатын сендердің болашақтарыңды баянды ету біздің парыз. Сіздер үмітті ақтап, сабақты жақсы оқитындарыңызға, үлгілі де тәртіпті бала боп өсетіндеріңізге сенімім мол. Елбасымыз бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен білімді болуды айтқан болатын. Яғни, білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие де алуымыз қажет. Тәрбиесіз білім – сусыз диірмен»,-деді аймақ басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
АРЫСТА ДӘСТҮРЛІ ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмір сүрудің күтілетін ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу міндетін алға қойып отыр. Бұл үшін елде бұқаралық спортты барынша дамыту үшін қолдан келген жағдайлардың барлығы жасалып отыр.Осы мақсатта Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби […]
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУҒА ДАЙЫН
Президент бүгінгі Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін нықтады. Мемлекет басшысының кезекті […]
ОҚО әкімі туған жерді түлетуге кәсіпкерлерді жұмылуға шақырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты. Жиынды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен өңір кәсіпкерлері және […]
Пікір қалдыру