Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар — Қазақстанның интеллектуалды болашағы» атты шахматтан аудандық турнир болып өтті.Жарысқа Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлерінде өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысып, ақтық кезеңге шыққан жастар финалдық кезеңде бақтарын сынады. Бұ жолғы шахмат турнирі ұлдар және қыздар арасында өтті. Сөйтіп тартысқа толы болған турнирдің жеңімпаздары да анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар арасында шахматтың айла тәсілдерін Бақытжан Оразқожадан артық меңгерген үміткер болмады. Екніш орын Абылайхан Хамзенің еншісіне жазылды. Ал, үздік үштікті Бекболат Шаңқыбайдың қорытындылағанын айта кеткен абзал.Қыздар арасында Ұлжалғас Жанзакова интелектуалдық тұрғыда шахматты өз қарсыластарынан анағұрлым артық меңгергенін дәлелдеді. Ал, Жайна Әшімнің Ұлжалғасқа жету үшін әлі біраз жаттығуы қажет секілді. Өйткені, Ұлжалғас бұжолы Жайнаға ұпай санымен қуып жете алмады. Нәтежиесінде екінші орынға тұрақтады. Үшінші орын болса, Аяулым Жақсылыққа бұйырды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді
Мақтарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру мақсатында семинар кеңес өтті. Қызметкерлер осыған байланысты көкейде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Барлық дамыған елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесін еңбекақы […]
Мақтааралдық Қарабековтер әулетінің педагогикалық еңбек өтілі 500 жылға жуық
Мақтаарал ауданында ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің […]
ОҚО әкімі: Мақтаралдың тазалығын автовокзалдан бастау керек
Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Ж.Түймебаев жоспардан тыс Жетісай қаласындағы автовокзалдың жағдайын көрді. Облыс үшін транспорттық маңызы бар «Атакент» автовокзалында келуші халыққа жағдай жасалмағанын айтқан әкім қала орталығындағы бұл нысан тиісті талапқа сай […]
Пікір қалдыру