Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына тікелей эфирде берген сұхбатында мәлімдеді. Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, өлкеміздегі елді мекендер 73 пайыз ауыз сумен қамтылған.Бұл жоғары көрсеткіш. Яғни, бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада 4-ші орында тұр екен. Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары бұл көрсеткішті 10 пайызға өсіріп, 83 пайызға көтеруді көздеп отыр. Дәлірек айтқанда, облыстағы 844 елді мекеннің 701-і, ауыз сумен қамтылатын болады.«Қазақстан-Шымкент» телеарнасындағы тікелей эфир барысында әкімге жол құрылысына қатысты да сауалдар қойылды. Белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452 шақырым жол мен көше, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 30 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы түлкібастық кәсіпкер көкөніс консервілерін Қытайға экспорттауда
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Байтерек 4» ЖШС-нің жұмысы қарқын алған. Көкөністерді консервілеумен айналысатын мекеме жылына 1,5 мың тонна болатын 28 түрлі өнім шығаруда.Кәсіпкер тауарлардың басым бөлігін Алматы қаласы мен еліміздің батыс өңірлеріне жіберуде. Бүгінде […]
ОҚО әкімі Ұлы жеңістің мерекесіне орай ұйымдастырылған меркелік шарада ардагерлерді биге шақырды
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты іс-шараны Оңтүстік жұртшлығы барша сән-салтанатымен өткізді. Іс-шарада облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ардақты ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтай келе, жүрек жарды лебізін жеткізді. Тіптен, мерекеге қатысып отырған қариялармен би билеп, көңілдерін […]
ОҚО-да жыл басынан бері 19 мыңнан астам жас жұмысқа орналасқан
ОҚО-да жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын ынталандыру мақсатында 2016 жылы алты, ал, 2017 жылы он кәсіпорынға, мәселен, «Стандарт цемент», «Ордабасы құс» «Завод Триумф ММС» ЖШС-гі сынды бірқатар өндіріс орындарына сенім сертификаты табыс етілген. Облыста […]
Пікір қалдыру