Созақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер Б.Пернебайдың ұйымдастыруымен «Мен әлемді кітап арқылы танимын» атты жастардың кешкілік уақытын тиімді пайдалануға арналған іс- шара болып өтті. Аталған іс- шара Сарыбаев Сабит, Сериков Сабит атты жас кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылған болатын.Шараға ауыл жастары жоғары деңгейде ат салысып, жастарға арналған түрлі ойындар ойнатылып, әр түрлі деңгейдегі, әр ұлттың ұлттық өнерлері көрсетіліп, жастардың шығармашылықтары шыңдалды. Ауылдағы мобильдік кітапхана тарапынан жастарға арналған кітаптардан көрме де ұйымдастырылған болатын. Мәдени шараға ауыл жастары белсенді түрде қатысты. Әсіресе Ергешбай Алмас, Жайсаңбай Қожаахмет, Анарбаева Гүлназ сынды ауылдың жалынды жастары өте жоғары деңгейде ат салысты айта кеткен жөн. «Мен әлемді кітап арқылы танимын» шарасының жалпы мақсаты жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ауыл жастарының татулығын, ынтымақтастығын арттыру, бос уақытын тиімді пайдаланып, әдебиетке баулу болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
Созақтық спортшылар еліміздің мерейін тасытты
Созақтық спортшы 19 жастағы Қобыланды Орынбасаров Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Ал, жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Жарыс Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында қараша айының […]
Созақта қымыз сатып кәсіп еткендер көп
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында орта және шағын кәсіпкерлікке кеңінен тоқталып, әсіресе аграрлық өнеркәсіпті дамытуға мейілінше баса назар аудару керектігін айтып келеді. Сондай-ақ осы бағытта кәсіп ашып, жұмыс істеймін деген азаматтарға барынша мол мүмкіндік беруді […]
ОҚО-да 30 мыңға жуық түйе бар
Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметiнше, бiздiң өңiрдегi түйе саны 27 мыңды құраса, соның 9000-нан астамы Созақ ауданында. Негiзiнен Созақта еттi, ал, Отырарда сүттi түйелер өсiрiледi екен. сурет Elarna.kz сайтынан алынды Оңтүстiк-Батыс мал және […]
Пікір қалдыру