Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі болып табылатын «Мега Смарт» зауыты жұмыс істейді. Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынған. Өндіріс орнында МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығарады екен. Осы жоба бойынша облысқа 545 миллион теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз шығаруда. Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасап отыр. Дайын тауарға жұмсалатын шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылаған. «Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасалуда. Сондай-ақ, Ресей елімен де келісім бар.Зауыттың қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында арнайы өкілдіктері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта еліміздің қалған өңірлерінде де өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да трансформатор зауыты іске қосылады
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Asia Trafo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алғалы отыр. Қуат реттегіш жасайтын зауттың құрылысы өткен жылы салына бастаған нысанды. Дегенмен нысанды іске қосу жұмыстары 2018 […]
ОҚО-да құрылысшылар күнінде 40 жуық сала маманы марапатталды
Құрылысшыларды төл мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласына еңбегі сіңген үш азамат ҚР Индустрия және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне ие болса, бір адам «Құрметті жолшы» […]
Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстары әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты арттырмақ
Оңтүстікке Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған көкшетаулық делегация мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі екі жақты ынтымақтастықты арттыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы […]
Пікір қалдыру