Шымкент қаласындағы ақынның жырына сусаған халық бұл күнде «Отырар» кітапханасына қарай ағылды. Себебі, мұнда «Сырдың сыршыл ақыны» тақырыбымен Шардара ауданының түлегі, ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Әлібек Шегебайдың кездесу кеші өткізілді. Сүткенттің сары баласы жастайынан-ақ поэзия әлемінің тереңіне қарай құлаш ұрып, бүгінде бүткіл қазақ елін мойындатып үлгерген еді.Кездесу кешінде Қасқыр Серікбаев, Нұрғали Ыбырайым сынды Шардараның шайырлары қаламдас інілеріне құтты болсын айта отырып, ізгі тілектерін жыр шумақтармен жеткізді. Шардара аудандық мәслихаттың депутаты, №16 колледждің директоры Зәкірхан Талбидин Әлібек ақынға ақ тілегін жеткізсе, аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов шардаралықтар атынан ақынның иығына оқалы шапан жапқанын айта кеткен жөн.Жерлестерінің ыстық ықыласы шабыт сыйлаған Әлібек Шегебай сахна үстінде тебірене жырларын оқыды. Өз оқырмандарына шексіз ризалығын білдірген ақын жаңадан жарық көрген кітаптарын көпшілікке сыйға тартты.
Ұқсас жаңалықтар
Шардаралық білекті жігіттер Қырғызстанда көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды 23 рет шырқатты
5 — 10 маусым күндері аралығында Қырғызстан мемлекетінің Ыстықкөл демалыс аймағы, Бостери қаласында жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасындағы армрестлингтен XVI Азия чемпионаты аяқталды.Ыстықкөл жағасында 3 күнге созылған айтулы додада Азия құрлығының Жапония, Үндістан, Корея, Малайзия, […]
Шардарада балық шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорында 300 тоннаға жуық балық бар
Жалпы Шардара ауданында балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр. Сондай-ақ, Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы да екі шағын кәсіпорын ашу […]
Шардарада «Чемпиондар аллеясы» ашылды
Шардаралық спортшылар Астана күніне лайықты тарту жасап отыр. Дәлірек айтатын болсақ, қол күрес спорты бойынша ауданнан шыққан даңқты спортшыларға арналып «Шардара Армспорт чемпиондары» аллеясын ашты. Атлетизмнен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттығу залының жанынан ашылған […]
Пікір қалдыру