Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендеген аудандардың көшбасын Ордабасы, Созақ аудандары мен Кентау қаласы бастап тұр. Ал ауыл шаруашылығы өнімі төмен аудандарға Ордабасы (5,9%) мен Шардара (1,4%) еніп отыр. Бұл өңірлерде, сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімдерінің кемуі де орын алған. Оңтүстікке бағытталған инвестиция көлемінің ұлғаюы Шымкенттегі мұнай өндіру зауытын жаңғырту, Бәйдібек ауданында питомниктің құрылысын жүргізу, Түлкібас ауданында Састөбе цемент зауытының цехтарының кеңейту жұмысына тартылған инвестиция жұмыстарының есебінен орын алса, бірқатар аудан, қалаларда — Арыс (28,7%), Кентау (54,7%), Қазығұрт (71,8%), Мақтарал (56,7%), Отырар (59,2%), Сарыағаш (80,3%), Төлеби (96,5%) және Шардарада (36,6%) инвестицияның көлемі төмендеген.«Ағымдағы жылдың 4 айында облыстың әлеуметтік-экономикалық өсім қорытындыларын талқылаған кезде Арыс, Қазығұрт, Мақтарал, Сарыағаш аудандарында инвестиция көлемі кеміген болатын. Алайда, инвестицияны тарту жұмыстарын жақсарту туралы тапсырма берілгеніне қарамастан бұл аудан, қалаларда жағдай бүгінгі күнге дейін жақсармаған. Одан бөлек, 5 айдың қорытындысымен жоғарыда аты аталған аудандармен бірге Кентау қаласы мен Шардара, Отырар, Төлеби аудандарында инвестиция көлемі кеміген. Атап айтқанда, былтырғы жылдың 5 айымен салыстырғанда инвестиция көлемі Арыста — 71,3 пайызға кеміген, Шардарада – 63,4%-ға, Кентауда – 45,3%-ға, Мақтаралда 43,3%-ға, Отырарда – 41%-ға, Қазығұртта — 28%-ға, Сарыағашта — 20%-ға, Төлебиде — 4%-ға кеміген», — деді Ж.Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы ХҚКО мамандары жарты жылда 3 млн.нан астам қызмет санын көрсеткен
Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсеиітов айтты.Мәліметінше, 2017 жылғы 6 айда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жергілікті […]
ОҚО «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруда көш бастады
Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады. Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік […]
ОҚО-да 1 миллион 446 мың нәзік жанды бар
Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай Шымкент қаласындағы қарттар үйіндегі әйел азаматтарды мерекесімен құттықтап барғанда мәлімдеді. Іс-шара барысында өңір басшысы әйелдерге қамқорлық жасау, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау […]
Пікір қалдыру