Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша «Қасиетті Қазақстан» орталығының директоры Берік Әбдіғаниұлымен кездесу өтті.Маңызды кездесудің мақсаты — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақаласындағы көзделген мақсаттарды жүзеге асыру болып табылады. Шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы, өңірімізде тарихи-өлкетану жұмыстарымен айналысып жүрген ғалымдар мен жазушылар, өлкетанушылар қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы жергілікті атқарушы органдарға тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында өңірлік комиссия құрылып, олардың жанынан жұмысшы топтары жасақталған болатын. Аталған жоба аясында облыстағы қасиетті, киелі жерлердің тізімі анықталып, олардың өңірлік картасы дайындалды.Қазіргі таңда облысымызда тарихи-мәдени маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынған. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне 2003 жылы Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі» сәулеттік ескерткіші енгізілген. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы тарапынан аталған тізімге енгізуге ұсынылған 23 ескерткіштің ішінен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 8 ескерткіш кірді. Олар: Жуантөбе, Қараспантөбе, Күлтөбе, Сидақ, Сауран ежелгі елді мекендері, Бөріжар қорымы, Отырар оазисінің ескерткіштері, Түркістан қалашығы. Кездесуде адам көп шоғырланатын киелі мекендер жайын анықтау, насихаттау, терең зерттеу мəселелері сөз болды.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктегі 1028 мектепте соңғы қоңырау соғылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласындағы №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп гимназиясының «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты.Салтанатты жиында сөз алған өңір басшысы барша оңтүстікқазақстандық бітіруші түлектерді құттықтап, білімді, биік парасатты және еліміздің үлгілі азаматы […]
Оңтүстіктегі өнер мектептерінде 15 мыңға жуық оқушы оқиды
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында өнерлі жастардың шабытын шыңдайтын 26 арнайы мектеп қызмет жасайды. Оларда 15 мыңға жуық оқушы білім алуда. Дәл мұндай музыка мектебі өзге ешбір мемлекетте жоқ. Аталған оқу орындарының жетістігі де көңіл […]
ОҚО әкімі Түркістанды туризм орталығы ретінде дамыту концепциясымен таныстырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өтетін алқалы жиығда келген археолог ғалымдар мен сәулетшілерге, ақсақалдарға Түркістанның даму коцепциясын көрсетті. Өңір басшысының айтуынша, киелі Түркістан шаһары айналасында тарихи-ескерткіштерден […]
Пікір қалдыру