Таңқурай бұталы көпжылдық өсімдік саналады. Жабайы түрде азғана болса да көлеңкелі жерде жақсы өседі. Осыны ескерген қожалық ауыл іргесіндегі қыратты аумақта арнайы таңдапты. Қожалық алдағы уақытта жеміс көлемін 1,5 гектарға ұлғайтамын деп отыр. Шаруаның жұмыс жоспарына разы болған облыс әкімі аудан басшылығына Қазығұрт ауданындағы таулы ауыл окруктерінде таңқурай плантацияларын ұлғайтуды тапсырды.«Біз осындай іскер әрі бағбан азаматтарымызды қолдауымыз қажет. «Нұр-Айдар» шаруа қожалығының тәжірибесін пайдаланып, ауданда таңқурай өсіру ісін жандандыру қажет. Тіпті осы қожалық өзге шаруалардың басын қосып, кооператив құруына көмектесуіміз керек»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.Мұнан соң облыс әкімі С. Рақымов ауыл округіндегі «Қазығұрт» сауықтыру орталығы мен балалар лагерінің жұмысымен танысты. «Нұрлан» шаруа қожалығының иелігіне қарайтын демалыс аймағы 2011-2013 жылдары бой көтерген. Жалпы алаңы 2 гектар жерде 44 орындық 11 котедж, 2 қабатты демалыс үйлері, спорт алаңы, асхана, бассейні бар. Жалпы демалыс аймағына 300 млн теңге инвестиция салынған. Демалыс аймағында бұдан бөлек, атпен серуендеу және бие ұсталып, саумал орталығы жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазығұртта 185 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қазығұрт ауданында 41 нысанның немесе 185 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 4 нысан — 87,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.Аталмыш жобалардың ішіндегі ірілеріне тоқталар болсақ, Қазығұрт […]
Түркістандағы «Тұран» кооперативі мақтаны тамшылатып суғарып, сүт өңдеп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысының Жансейіт Түймебаев, Түркісатн қаласы Қарашық елді мекеніндегі «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативінде болды. Хабибулла Азимов басшылық жасайтын «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативі 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Содан бері кооперативте тамшылатып суғару […]
«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның бастамасымен Қазығұртта 2018 жылы «Интенсивті бақтар» агропаркі қолға алынбақ
«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы бірнеше жобасын Қазығұрт ауданында жүзеге асырып отыр. Мәселен, солардың бірі 209 га аймаққа орналасатын «Интенсивті бақтар» агропаркі. «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ бастамашы болып табылатын жобаны қолға алу 2018 жылға жоспарланған. […]
Пікір қалдыру