Көне Түркістан шаһарында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізін кесіп өтетін күре жол салынбақ. Жоспар бойынша аталған жолдың құрылысы биыл басталады. Ол жолдың міндеті қалада жаңадан бой көтеріп жатқан Отырар шағын ауданын шаһар орталығымен байланыстыру. Дегенмен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, ол жол мен тұрғын үйлердің арасын алшақтау етіп салу көзделіп отыр.Айта кетейік биыл Түркістандағы Отырар жаңа шағын ауданынан көпқабатты тағы 8 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жақын күндері онда 500-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды деп күтіліп отыр. Көне шаһардың басшысы құрылысқа жауапты тұлғаларға сапаға мән беруді қатаң тапсырды. Сонымен қатар, тұрғын үй нысандарының инфрақұрылымын барынша пысықтап жүргізуді еске салғанын да айта кеткен жөн. Соның ішінде су құбырлары, сарқынды су және жылу жүйелерінің магистралды құбырларын келешекте салынатын 100 үйдің қажеттілігіне қарай жоспарлауды ұсынды. Егер, жұмыстар кезеңінде аяқталса қаланың келбеті көркейіп, баспана мәселесі біршама реттеліп қалары анық.
Ұқсас жаңалықтар
ЕЛБАСЫ ОЗНАКОМИЛСЯ С ПЛАНАМИ ДАЛЬНЕЙШЕГО РАЗВИТИЯ ГОРОДА ТУРКЕСТАН
Нурсултану Назарбаеву был презентован комплекс «Караван-сарай» и представлена информация по итогам археологических исследований на территории заповедника-музея «Азрет Султан». Также Елбасы рассказали о проектах, осуществляемых в рамках исполнения протокольных поручений Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, данных […]
Түркістан төрінде «Елі сүйген, елін сүйген — Елбасы» көрмесі ашылды
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде ашылған көрменің ашылу салтанатына Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Днепродзержинск техникалық училищесінде бірге оқыған курстасы Каримов Әсетулла, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, Елбасытанушы Садықов Сейдолла,облыстық мәслихат депутаттары Тәңірбергенов Рахым, Сүйлейменов Баймахан, Түркістан қалалалық ардагерлер […]
Түркістандық шаруа Шухриддин Мухаммедов жылыжайдың қыр-сырына қанық
Мухаммедов Шухриддин 59 жаста . Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Ихан ауылының тұрғыны. Ип «Мухаммед ата» жылыжай қожалығының иесі. Түркістан қаласына қарасты Ескі Ихан ауылындағы Қ.А. Ясауй атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі.Кәсіп ашудағы негізгі мақсатыңыз қандай? […]
Пікір қалдыру