Елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында киелі Отырар ауданына шет елден туристер саны артатыны белгілі. Осыған байланысты аудан орталығы талапқа сай ажарлы, таза болуы керек. Бүгін Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде жалпыхалықтық сенбілік шарасы өтіп, барлық ауыл округтері, мекемелер мен ұйымдарды қамтығанын айта кеткен абзал. Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов арнайы қатысып, тұрғындармен бірге жұмыс істеді. Сенбілікте аудан орталығындағы Жастар саябағының жаны мен Д.Алтынбеков каналының жағасы, «Жібек жолы» даңғылы, М.Мәметова көшесі және тағы да басқа көшелердің бойы ретке келтіріліп, тазаланды. Сенбілікке біркісідей атсалысқан тұрғындар аудан орталығындағы көшелердің тазалығы мен жаз айларындағы аптап ыстықтан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалың шөптерді отап, артық қалдықтарды тазаланғанын айта кетейік. Отырар аудандағы барлық ауыл округін қамтыған сенбілік шарасы науқандық шара емес, алдағы уақытта тұрақты жүргізілмек.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік жастары Отырарда ат ерттеп, түйе сауудан сынға түсті
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, […]
Отырарда жастардың келелі кеңесі өтті
Отырар ауданы әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің кезекті отырысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов ашып жүргізіп отырды. Жиында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Рахымжан Биболатов, Отырар өнер саз мектебінің […]
Отырарлықтар рыс өзенінің жағалауын демалыс орнына айналдырып жатыр
Қазір Арыс өзенінің Отырар ауданы аумағындағы жағалауын көріктендіру-көкалдандыру жұмыстары қызу қолға алынып жатыр. Сол себепті, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған уақытта Арыс өзенінің маңы аудан тұрғындары мен қонақтары демалатын керемет демалыс аймағына айналатыны сөзсіз. Себебі, бүгінде […]
Пікір қалдыру