Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы жоспардан тыс Жетісай қаласындағы Т.Жүргенбаев көшесінің бойында ораналасқан көпқабатты тұрғын үйді аралап көріп, тұрғындарымен тілдесті.1978 жылы салынған бұл үйлерде кәріз жүйесі жүргізілмегенін айт кеткен жөн. тіпті, әжетханалары да сыртта орналасқан. Екі қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйдің бүгінгі жағдайын көрген әкім шұғыл түрде төтенше жағдай шараларын қабылдау қажеттігін айтып өтті. Мұнда да тұрғындарға тиісті жағдай жасалмағанына куә болған әкім, кезінде кәріз жүйесіне бөлінген қаржыны мақсатты жұмсамаған азаматтарды тауып, тиісті шара көру жөнінде аудан әкіміне тапсырма берді.Жетісай қаласында жалпы 171 көпқабатты тұрғын үй бар екенін айта кетейік. Оның ешбірінде кәріз жүйесі жүргізілмеген. Бүгінде бұл үйлердің барлығына кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің ауласына ойын алаңшаларын салып, абаттандыру жұмыстары да жүргізілмек.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі «Phoenix Global» компаниясын ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды
Бүгінгі таңда, «Phoenix Global» компаниясының әлемдік ауыл шаруашылығын дамытуда да қосып отырған үлесі орасан. Аталмыш компания тек қана бидай егу ғана емес, күріш өсіру, өсімдік майын өндіру ісімен де айналысатынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ фермерлік шаруашылықты […]
ОҚО әкімі өңіріміздің үздік ұстаздарын марапаттады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздің ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады.«Ұстаздар кәсіби мерекесі – бүкіл халықтық мереке. Әлемдегі әр адамға білім беріп, мамандық таңдаумен қатар өмір жолына бағыт […]
ОҚО әкімі Ғ.Әбдірахымовтың жаңа қызметіне табыс тіледі
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарған Ғ.Әбдірахымовты қабылдап, абыроймен атқарған қызметі үшін жылы лебізін білдірді. Аймақ басшысы бар күш-жігерін, қаланың экономикасын дамытуға арнап, білікті ұйымдастырушы ретінде көзге түскен Ғабидолла Рахматұллаұлына облыс […]
Пікір қалдыру