Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін облыстық маңызы бар алты автомобиль жолы қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Тиісті жұмыстарды бастауға таяуда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қолдауымен қомақты қаржы бөлінді.Атап айтқанда, осы жылдың екінші жарты жылдығында Сайрам ауданының орталығы Ақсукент пен Шымкент қаласын қосатын күре тамыр жол — облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-қала қоқыс орны» автомобиль жолының 10-18 шақырымы қайта құру жұмыстарынан өтеді. Жобаға сәйкес, қолданыстағы жолдың (7-9 м) ені 14 метрге кеңейтіліп, екі шетінен суағар, жарық шамдары және аяқжолдар салынатын болады. Жолдың 14 шақымындағы («Эльнұр» тойханасының маңы) жер үсті темір жол өтпесінің жанынан екінші өтпе құрылысы жүргізіледі. Мұндай қайта құру жұмыстары Сайрам тұрғын алабы мен Шымкент қаласын қосатын облыстық маңызы бар КХ-83 «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 0-8 шақырымында да жүргізіледі. Онда да қолданыстағы жолдың (7 м) ені 14 метрге кеңейтіліп, екі шетінен суағар, жарық шамдары және аяқжолдар салынатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да биыл «Нұрлы жол» бағдарламасымен 16 мектеп пайдалануға беріледі
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жоспар бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 19 білім ошағының 3-уі – Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 16 білім ордасы […]
ОҚО-ның 1 жартыжылдықтағы жалпы өңірлік өнімі 101 пайыздан асқан
1.Оңтүстік Қазақстан облысында І жартыжылдықта жалпы өңірлік өнімі 1,4 трлн. теңгені құрап, өсім 101,5 пайызға жетті; 2017 жылдың 7 айында облыста 439,1 млрд. тегенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен; ОҚО-да 187,8 млрд. […]
Астанада ОҚО Құрбан айттық дастарxан жайды
Құрбан айт мерекесі күні Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Айттық дастарxаннан бес мыңға жуық адам дәм татты. Шараның мақсаты — асыл […]
Пікір қалдыру