Астанада ОҚО Құрбан айттық дастарxан жайды

Құрбан айт мерекесі күні Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Айттық дастарxаннан бес мыңға жуық адам дәм татты. Шараның мақсаты — асыл дініміздің құндылығын арттырып, қазақ халқының дархандығы мен мәдениетін паш ету екенін айта кету керек.Шарада сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша астаналыктарды Құрбан айт мейрамымен құттыктады.

«Өздеріңізге мәлім, 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтуде. Құрбан айт — Алланы еске алуға себепкер болатын және адамдардың бір-біріне қайырым жасауына ұйытқы болатын ерекше діни рәсім.  Қасиетті Құрбан айт мерекесінде ынтымақ пен бірлігімізді, өзара татулығымызды арттыру мақсатында, облыс басшысы атынан Астаналықтарға және Елорда қонақтарына арнайы дастархан жайып ас таратылып отыр», — деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*