«Астана – ЭКСПО 2017» мамандандырылған көрмесіне барған оқушыларға бес күндік бағдарлама бекітілген. Онда балалар жол жүру билеттері мен 4 мезгіл тамақпен тегін қамтылды. Ал көрмеге барып, игі бастамаға қатысып қайтқан шәкірттердің білім мен ғылымға, қоғамға деген құрмет-құштарлығы еселенгенін байқауға болады. «Үлкен қобалжу үстіндемін. Күнгейден көрмеге келу – мен үшін мәртебе! Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Халықаралық мәдени шарада шетелдік өнертапқыштардың жетістігімен танысып, жаңа технологияның кең мүмкіндіктерін сараладым. Болашақта менің де ғалым болғым келеді. Елімнің игілігі үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, дамыған елдермен тереземіз тең болуы жолында қызмет ету – мақсатым», — дейді Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқушысы Әсел Мүсіретәлі. Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық көрмесіне жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға ата-аналары мен жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады. Яғни, әзірге 2250 шәкірт айтулы көрмені тамашалап қайтқан болса, қалған 1400 оқушы ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін Елордамызға барып, мәдени шараны көзбен көрмек.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі медицина саласының ардагерлерін медальдармен наградтады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев медицина қызметкерлері күні кәсіптік мерекесіне орай денсаулық сақтау саласының бірқатар ардагерін қабылдап, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысының қолынан […]
ОҚО-дағы серіктестік жылына 50 миллион дана минералды су шығарады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Шымкенттегі «Рауан» ЖШС компаниялар тобында болды. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы бүгінде ел нарығында минералды сулар мен шырындар шығару жұмыстарымен танылған «Рауан» ЖШС-нің еншілес компанияларының жұмысымен танысты. […]
ОҚО-да 6 айда бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 16 миллиардтан астам теңге өндірілген
Оңтүстік Қазақстано блысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Дүйсенбекұлы, тілшілермен болған кездесуде, сондай-ақ, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жайында сөз етті. Яғни, камералдық бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен […]
Пікір қалдыру