ОҚО әкімі медицина саласының ардагерлерін медальдармен наградтады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев медицина қызметкерлері күні кәсіптік мерекесіне орай денсаулық сақтау саласының бірқатар ардагерін қабылдап, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысының қолынан марапат алғандардың қатарында денсаулық сақтау саласында 54 жыл еңбек еткен 81 жастағы Тұрсынбек Оразалиев бар. Сонымен қатар дәрігер-диетолог, медицинада жарты ғасырға жуық еңбек өтілі бар Роза Қуандықова, педиатрияға өмірінің басым бөлігін арнаған ақ халатты абзал жан Жұмабай Әденов пен науқастарды емдеуде жаңа техналогоияларды ендіруге атсалысқан өте білікті дәрігер Раушан Жылқышиева да бар. Мұнан өзге зейнетке шықса да өңір медицинасын дамытуға әлі де атсалысып келе жатқан «Шымкент қаласы  және Онтүстік Қазақстан облысы интертич отбасылық-дәрігерлік амбулатория» жеке мекемесінің директоры Мария Әлжанова ханымда осы наградаға лайық деп танылды.

Барша награда иегерлерін шын жырүктен құттықтаймыз!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*