Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралаған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, әкімшілік іскерлік орталығындағы коммуналдық арендалық тұрғын үйлер мен 1200 орындық мектептің құрылысымен де танысып шығып, атқарылған шаруаларға оң бағасын берді.«Облыс орталығындағы негізгі мәселелердің бірі баспана. Сондықтан қала орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын көптеп жүргізуіміз қажет. Екінші мәселе – газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қаланың 70 пайызын жеке әрі жер үйлер орналасқандықтан олардың инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету аса көп шығынды талап етіп отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.Мұнан соң Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Астана даңғылының құрылысы жүріп жатқан аумаққа келді. Себебәі, бұйыртса мұндағы құрылыстың бірінші тармағы жақын арада, яғни биыл аяқталады екен. Сонымен қатар, Астана даңғылы Арғынбеков көшесіне қосылуы тиіс екенін де айта кетейік. Ал, келесі жылы құрылыстың екінші кезеңі жүзеге асырылады: Ол кезде Астана даңғылы Өтегенов көшесіне дейін созылады.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент қаласында пәтер иелерінің кооперативтері құрылады
Алдағы күзде Шымкент қаласы мегаполиске айналмақ. Осы орайда шаһардың даму жоспары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына аса мән беріліп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қала орталығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және тұрғындар мен […]
ОҚО әкімі кәсіпкерлерге сауда үйлерін емес, әлеуметтік, туристтік нысандар салуды ұсынды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы әкім бизнесмендермен кездесу барысында сауда орталықтары мен сити кешендерін салуды тоқтатып, халыққа қажетті тұрғын үй мен студенттерге арналған жатақхана салуды және өңірдің экономикасына септігін тигізетін туристтік жобаларды салу жайын […]
ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Президент Жолдауындағы «Тарифті инвистицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшудің тиімділігі жан-жақты түсіндірілуде. Бұд жаңа саясатқа сәйкес, қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді. Өйткені, еліміздегі коммуналдық және […]
Пікір қалдыру