Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен келелі жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылысы барысын жайлы өңір басшысына баяндады.Сонымен қатар, жиын барысында қысқы маусымға дайындық барысы да кеңінен талқыланды. Осыған орай, әсіресе білім ұялары мен әлеуметтік нысандардың қысқа әзірлігіне жіті мән берілуі керектігі айтылды. Қазіргі таңда, жалпы облыстағы 3209 бюджеттік мекемелер бар болса, соның алдағы жылу маусымына дайындалғаны 2677-іні құрап отырғанын айта кеткен жөн. «Жылу маусымына дайындық жұмыстары 25-тамызға дейін толық аяқталуы керек. Жылыту маусымына қажетті көмір, сұйық отын, мазут секілді қажеттіліктер осы айдың соңына дейін жинақталып, қорда тұруы тиіс. Бұл ретте аудан-қала басшылары мен тиісті сала басшылары апталық есеп беріп отыратын болады», — деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәдениет және өнер тақырыптары бойынша маманданған шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Елімізге ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен келген делегация құрамында Америка Құрама Штаттары «Forbes» журналының өкілі Aлександр […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев, Жетісайдағы көпқабатты үйлерді аралап көрді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы жоспардан тыс Жетісай қаласындағы Т.Жүргенбаев көшесінің бойында ораналасқан көпқабатты тұрғын үйді аралап көріп, тұрғындарымен тілдесті.1978 жылы салынған бұл үйлерде кәріз жүйесі жүргізілмегенін айт кеткен жөн. тіпті, әжетханалары да сыртта […]
ОҚО әкімі өңірдегі құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға жұмыссыз жастарды тартуды міндеттеді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен кезекті отырыста өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы жастар мәселесін май шаммен қарады. Жиында облыс әкімі бір емес бірнеше мәселені көтерді. Атап айтқанда, өңірде жастардың құқықбұзушылығы мен өзі-өзіне қол жұмсау фактілері көбейіпті. […]
Пікір қалдыру