Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы «Шаян» индустриалды аймағына да атбасын бұрып, ондағы іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты. Жалпы аумағы 60 гектарды құрайтын аймақ бүгінде барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтылған. Ендігі мәселе — инвесторлар тартып, жаңа жұмыс орындарын көптеп ашатын кәсіпорындарды шоғырландыру.«Индустриалды аймақтың мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай отырсыздар. Әлі күнге мұнда кәсіпорын құру жұмыстары қолға алынбай келеді. Осы ретте аудан әкімінің жұмысына сын айтуға болады. Жыл соңына дейін нақты іске асырылатын жобаларды талқылап, алдағы жылы кәсіпорындарды тездетіп ашуды тапсырамын», — деді облыс әкімі.Мұнан соң өңір басшысы Ақбастау ауылдық округіндегі «Домалақ ана» кесенесі аумағындағы жібек өндіретін қожалықтың жұмысымен танысты. Жібек өндіруді қолға алған кәсіпорын бүгіннің өзінде сол маңға 140 мың түп тұт отырғызыпты. Биыл қожалық Шаян ауылынан «ОN –Бәйдібек» қолөнер орталығын ашып, жібектен кілем тоқу, киізден шұлық басу, қазақы ою-өрнектпен шапан тігу ісін де жандандырып отыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі балалар үйінің жеткіншектерін өз есебінен «ЭКСПО-2017» көрмесіне апармақ
Рамазан айының алғашқы күнінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің тыныс тіршілігімен танысты. Министр балалар үйіне соңғы үлгідегі медициналық физиокабинетке […]
Бәйдібекте «Абердин-Ангус» атты асыл тұқымды ірі қара көбейіп келеді
Бәйдібек-баба есімін иеленген ауданға жолымыз түсіп, реті келіп тұрған соң аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамуға өзіндік үлес қосып отырған бірқатар мекемелерге атбасын бұрдық.Алдымен Боралдай ауыл әкімдігіндегі «Абердин-Ангус» тұқымды ірі қара мал шаруашылығына барып, өз қаржысына іс бастаған […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Біз бірінші ішкі туризмді дамытуымыз керек
Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы болып өтті. Жиында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев сөз алып, өңірдегі туризм саласын дамыту мәселесіне кеңінен тоқталып кетті.Өңір басшысының айтуынша, облыстағы тарихи, […]
Пікір қалдыру