Жол мұраты – жету. Ал діттеген жеріңе шаршамай, қиындықсыз баруға жол бойындағы сервистік қызметтер мен инфрақұрылымдық нысандардың талапқа сай болуы зор маңызға ие. Бұл жөнінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол құрылысының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.«Елдің өркендеп, кемелденгенін білгің келсе, жолына қара» деген сөз бекер айтылмаған. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынастары айрықша мәнге ие. Ерте кездерде жеріміздегі ірі қалалардың көбісі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазіргі таңда қайнаған тіршіліктер осындай күре жолдардың бойында шоғырланған. Жолдар шын мәнісінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Сондықтан жол бойындағы инфроқұрылымдық нысандарды халықаралық талапқа сай етіп салуымыз керек. Сонда өңірімізге туристер көбейетін болады», — деді аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы.Сондай-ақ әкім, бірнеше мың шақырымды артқа тастап шығатын жолаушылар үшін ыңғайлы болу мақсатында аталған жол бойына бекеттер салуды тапсырды. Яғни, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолында болашақта жанармай құятын бекеттер мен дүкендер, асханалар, тіпті шағын мотельдер де бой көтеретін болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі рухани саланы дамытуда театр әртістерінің әлеуметтік жағдайын реттеуге барынша қолдау білдіруге тырысатынын айтты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Шымкент қаласындағы опера және балет театрының ұжымымен кездесу барысында рухани саланы дамытуда театр әртістерінің әлеуметтік жағдайын реттеуге барынша қолдау білдіруге тырысатынын айтты. Өз кезегінде, мәдениет мекемесінің бетке ұстар әртісі […]
ОҚО әкімі Шымкенттегі Төлеметов көшесін қайта құру жұмыстарымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп […]
ОҚО әкімі Сайрамда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан кәсіпорынның құрылысымен танысты
Оңтүстік Қазақастан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік -4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барасымен танысты. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жобаның жалпы құны 2016,7 млн теңге. Оның 350 млн теңгесін […]
Пікір қалдыру