Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы Төлеген Телғараев, Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндаған аудан басшысы өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жобаның бүгінде 5-уі іске қосылғанын айтты. Осының нәтижесінде 162 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын айта кету керек. Ал, 2017 жылдың соңына дейін қосымша 2 жаңа жоба іске асырылып, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл кәсіпорындардың жалпы құны 722,7 млн. теңге болатынын атап өтті.«2017 жылдың 6 айында өндірілген өнім көлемі 2964,2 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 105 % құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 441 млн. теңгеге артық өнім өндірілді. Олардың ішінде кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары бойынша 40,7 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2363,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру бойынша 527,8 млн теңге, сумен жабдықтау бойынша 32,1 млн. теңгеге өндірілді. »,- деді Т.Телғараев.
Ұқсас жаңалықтар
Қазығұртта «Сиқырлы би өнері» атты семинар-кеңес өтті
Оңтүстік Қазақстан облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығы, Қазығұрт аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мəдениет үйінде би өнерін дамыту, би жетекшілеріне қолдау көрсету, бағыт — бағдар беру, би өнерінің озық іс — […]
Қазығұртта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12 жаңа балабақша ашылады
Қазығұрт ауданында ұлттық қор есебінен 300 орындық 5 мектеп, ал жергілікті бюджеттен 100 орындық 3 мектеп салынып жатыр. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Төлеген Телғараев, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы міндеттердің […]
ОҚО-да ауыл шаруашылығы бағытында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
Оңтүстік Қазақстан облысында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында 8 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.Оның айтуынша, облыста […]
Пікір қалдыру