Қазығұртта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12 жаңа балабақша ашылады

 Қазығұрт ауданында ұлттық қор есебінен 300 орындық 5 мектеп, ал жергілікті бюджеттен 100 орындық 3 мектеп салынып жатыр. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Төлеген Телғараев, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы  міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз-конференциясы өткізген Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Төлтайұлы мәлімдеді. Сонымен қатар, 2017 жылдың маусым айына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қазығұрт ауданнында 12 жаңа балабақша ашылып, осының нәтижесінде 1455 бала балабақшамен қамтылмақ.

Мұнан өзге, ол биылғы жылы 11 сыныпты бітіруші 1640 оқушыдан 1156 оқушы (70%)ҰБТ-ке қатысуға өтініш бергенін айтты. Ал, балаларды жазғы үш й демалыста Қазығұрт ауданының балалары демалыс орындарында өткізетін болады. Атап айтқанда, аймақтағы оқушыларды демалыспен және сауықтырумен қамту мақсатында 4 демалыс лагерінде  3656 оқушы жіберілмек. 

Сондай-ақ, аудан басшысы осы жылы Қақпақ ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 300 орындық  заманауи лагерь құрылысы жеке кәсіпкер арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*